WBC Усикті Кабайелге қарсы титулдық жекпе-жек өткізуге міндеттеді

Фото: Mark Robinson/Getty Images Sport
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) аса ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу иегері Александр Усикті германиялық Агит Кабайелге қарсы титулдық жекпе-жек өткізуге міндеттеді. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман хабарлады.
Мамыр айында Усик Мысырда өткен жекпе-жекте Нидерланд өкілі Рико Верхувенді жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.
Ұйымның мәліметінше, бұл кездесу ерікті титулдық айқас ретінде есептелді. Осыдан кейін WBC келесі міндетті жекпе-жек ретінде Усик пен уақытша чемпион Кабайел арасындағы кездесуді бекітті.
«WBC шешімі анық болды. Біз Усиктің ерікті титулдық айқас өткізу туралы өтінішін қанағаттандырдық және ол жекпе-жек өтті. Енді міндетті кездесу – Усик пен уақытша чемпион Кабайел арасындағы айқас», – деді Сулейман Sky Sports басылымына.
39 жастағы Усик кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 16 жеңісінде нокаут тіркелген. Сонымен қатар украиналық боксшы IBF және WBA Super тұжырымдары бойынша да әлем чемпионы атағына ие. 33 жастағы Агит Кабайел де кәсіби мансабында жеңілістің кермек дәмін татпаған. Ол 27 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, оның 19-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.