Басты бет
·
Теннис

WTA қорытынды турнирінің алғашқы екі жартылай финалисі анықталды

Каирбек Тулегенов ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде жартылай финалға жолдама алған алғашқы екі теннисшінің есімі белгілі болды.

Әлемнің үшінші ракеткасы, ресейлік Мирра Андреева топтық кезеңнің екінші турында Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты.

19 жастағы Андреева алғашқы сетте 1:4 есебімен жеңіліп жатқанымен, ойын барысын өзгертіп, қатарынан 11 геймде басым түсті. Нәтижесінде әлемнің екінші ракеткасын 6:4, 6:0 есебімен жеңді.

Бұған дейін жартылай финалға алғаш болып чехиялық Линда Носкова жолдама алған еді. Әлемнің сегізінші ракеткасы америкалық Кори Гауффты 1 сағат 15 минутта екі сетте 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Қорытынды турнирдің қалған екі жартылай финалисі 13 қарашада анықталады.