Басты бет
·
Велоспорт

XDS Astana Team Канададағы Әлемдік турдың екі жарысына қатысады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: XDS Astana Team

Фото: XDS Astana Team

Қазақстандық XDS Astana Team командасы 11 және 13 қыркүйекте Квебек пен Монреаль Гран-при жарыстарына қатысады.

Алғашқы жарыс 11 қыркүйекте өтетін Квебек Гран-приі болмақ. Пелотон ұзындығы 12,6 шақырым болатын қалалық бағытта 16 айналым жасауы тиіс. Жалпы қашықтық 201,6 шақырымды құрайды.

Екі күннен кейін велошабандоздар Монреаль Гран-приінде бақ сынап, Мон-Руаяль тауының айналасындағы жаңартылған трассада 16 айналым жүріп өтеді. Спортшылар 214,4 шақырым қашықтықты бағындырып, жалпы биіктік айырмасы 4304 метр болатын бағыттан өтеді.

Қазақстандық команданың құрамына Альберто Беттиоль, Серхио Игита, Аарон Гейт, Томас Сильва, Харольд Мартин Лопес, Арьен Ливинс және Давиде Тонеатти енді. 2025 жылы Беттиоль Квебек Гран-приінде үшінші орын алған.

Айта кетейік, Монреальдағы жарыс 20-27 қыркүйек аралығында өтетін әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық кезеңі болмақ.