Басты бет
·
Велоспорт

XDS Astana Team шабандозы Қытайдағы жарыс кезеңінде үшінші орын алды

Али Асетов··
Фото: _m.kanter / Instagram

Фото: _m.kanter / Instagram

Қазақстандық XDS Astana Team командасының неміс шабандозы Макс Кантер Қытайда өтіп жатқан «Гуанси туры» көпкүндігінің алғашқы кезеңінде үздік үштікке енді.

Жарыстың алғашқы кезеңі Чунцзо қаласында өтті. Шабандоздар 149,4 шақырымды бағындырды. Мәреге бірінші болып Soudal Quick-Step командасының франциялық велошабандозы Поль Маньe жетті. Ол қашықтықты 3 сағат 23 секундта аяқтады.

Екінші орынды Netcompany INEOS командасының австралиялық өкілі Сэм Уэлсфорд иеленді. Макс Кантер жеңімпазбен бірдей уақыт көрсеткенімен, қорытынды хаттамада үшінші орынға тұрақтады.

XDS Astana Team командасының өзге шабандоздары төмен нәтиже көрсетті. Франциялық Клеман Шампуссен 31-орынға табан тіреді. Арьен Ливинс 54-орынға, Виктор Лангелотти 80-орынға, Су Хаоюй 90-орынға жайғасты. Ал Гарольд Мартин Лопес мәреге 105-ші болып жетті.

Қазақстандық Евгений Федоров бірінші кезеңді аяқтай алмады.

Көпкүндік жарыстың екінші кезеңі 14 қазанда өтеді. Шабандоздар Чунцзодан Цзинси қаласына дейінгі бағытта сынға түседі.

XDS Astana Team шабандозы Қытайдағы жарыс кезеңінде үшінші орын алды – sport-hub