Янник Синнер қатарынан екінші Уимблдонды жеңіп алып, мансабындағы бесінші «Үлкен дулыға» титулына қол жеткізді

Каирбек Тулегенов ··
Фото: wimbledon.com

Фото: wimbledon.com

Әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер Уимблдон-2026 турнирінің ерлер арасындағы жекелей сында жеңімпаз атанды.

Финалда әлемнің үздік теннисшісі ATP рейтингінде екінші орында тұрған германиялық Александр Зверевті төрт сетте жеңді: 6:7 (7:9), 7:6, 6:3, 6:4.

Кездесу 3 сағат 46 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Синнер 17 эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Айта кетейік, бұл титул Синнер үшін мансабындағы 30-шы, ал биылғы маусымдағы алтыншы жүлде болды. Сонымен қатар әлемнің бірінші ракеткасы қатарынан 10 финалда жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді.