Басты бет
·
Футбол

«Ысқырықты естімедім». Киммих ван Дейктің сөзіне жауап берді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Германия құрамасының капитаны Йозуа Киммих Ұлттар лигасында Нидерландқа қарсы өткен матчтағы резонанс тудырған эпизодқа қатысты пікір білдірді. Германия құрамасы қарсылас ойыншыларының бірі жарақат алып, алаңда жатқан сәтте гол соққан еді.

Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Алайда матчтан кейін негізгі назар дәл осы гол соғылған сәтке ауды. Нидерланд құрамасының ойыншыларының бірі алаңда жатқаннан кейін Германия шабуылды жалғастырып, есепті теңестірді.

Нидерланд құрамасының қорғаушысы Вирджил ван Дейк бұл эпизодқа эмоциямен жауап беріп, қарсыластың әрекетін «масқара» деп атады.

Киммих мұндай бағамен келіспеді. Германия капитанының айтуынша, ойынды тоқтатуға негіз болмаған, өйткені төреші тиісті белгі бермеген.

«Ван Дейктің бұл сөздері ойланбай айтылды. Мен әріптесіме пас бердім, ол допты айып алаңына асырды, содан кейін біз гол соқтық. Егер футболшы жарақат алса, әсіресе басынан жарақат алған жағдайда, ойынды тоқтату қажет пе, жоқ па – оны төреші шешуі керек. Мен ысқырықты естімедім, сондықтан ойын қалыпты тәртіпте жалғаса берді», – деп келтіреді Киммихтің сөзін Bayern&Germany.

Ұлттар лигасының келесі турында Нидерланд құрамасы сырт алаңда Сербиямен ойнайды. Матч 27 қыркүйек, жексенбі күні өтеді. Сол күні Германия өз алаңында Грекияны қабылдайды.

«Ысқырықты естімедім». Киммих ван Дейктің сөзіне жауап берді – sport-hub