Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатындағы өнерін аяқтады

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионаты-2026 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.
WTA рейтингінде 84-орында тұрған спортшы екінші айналымда жарыс жолын тоқтатты.
Путинцеваның қарсыласы әлемдік рейтингте 121-орында тұрған Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь болды. Тартысты өткен матч қытайлық теннисшінің пайдасына 6:4, 2:6, 6:1 есебімен аяқталды.
Осылайша, Путинцева US Open-2026 турнирінен шығып, жарыстағы өзінің үздік нәтижесін қайталай алмады.
АҚШ ашық чемпионаты. WTA. Әйелдер. 1/32 финал
Чжэн (Қытай) — Путинцева (Қазақстан) — 6:4, 2:6, 6:1
Сонымен қатар қазақстандық теннисші үшін турнирдің басталуы сәтті болды. Бірінші айналымда Юлия WTA рейтингінде 12-орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичті күтпеген жерден жеңді. Путинцева алғашқы партияда жеңіліп қалғанымен, кейін ойын барысын өзгертіп, 4:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Путинцеваның Нью-Йорк корттарындағы ең үздік нәтижесі — 2020 жылғы US Open турниріндегі ширек финал. Қазақстандық теннисші 2026 жылы бұл жетістігін қайталай алмады.