Юлия Путинцева Уимблдондағы жарысын бірінші айналымда аяқтады
Бөлісу

Фото: Getty Images
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон-2026 турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады.
Әлемдік WTA рейтингінде 84-орында тұрған қазақстандық теннисші бірінші кезеңде Германия өкілі Татьяна Мариямен (96-орын) кездесті.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылып, неміс теннисшісінің екі сеттегі жеңісімен аяқталды - 6:4, 6:4.
Матч барысында Путинцева бір эйс жасап, төрт рет қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың екеуін ғана жүзеге асырды.
Путинцева жекелей сында жарыстан шыққаннан кейін, Уимблдонда Қазақстан атынан тек Елена Рыбакина өнер көрсетеді. Елдің бірінші ракеткасы турнирді 30 маусым күні франциялық Лоис Буассонға қарсы матчпен бастайды.