Зайнутдинов Мәскеудің «Динамосынан» кетуді жоспарлап отырған жоқ

Бекарыс Әлімхан··
«Динамо Москва» ФК

«Динамо Москва» ФК

Қазақстан құрамасының футболшысы Бақтияр Зайнутдинов Мәскеудің «Динамо» клубынан кетуді қарастырып отырған жоқ.

Бұған дейін Зайнутдиновтың Қазақстан Бірінші лигасында өнер көрсететін Қарағандының «Шахтер» клубына ауысуы мүмкін екені айтылған болатын.

«Бақтияр тезірек қалпына келіп, қатарға оралудан үмітті. Қалай болғанда да, қысқы трансферлік кезеңге дейін ол ешқайда кетуді жоспарлап отырған жоқ», – деп жазды «Мутко против» Telegram-арнасы.

Зайнутдинов 2025 жылдың 19 қазанынан бері ресми матчтарға қатысқан жоқ. Ол Ресей чемпионатындағы «Ахматқа» қарсы кездесуде жарақат алған. 2025/2026 жылғы маусымда қазақстандық футболшы «Динамо» сапында Ресей Премьер-лигасында бар болғаны сегіз матч өткізді.

Еске салайық, футболшы 2025 жылдың шілдесінде түркиялық «Бешикташтан» Мәскеудің «Динамосына» ауысқан. Оның клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды.