Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гаррос» – 2026 турнирінің үшінші айналымына шықты

Фото: ҚТФ ресми сайты
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» – 2026 турниріндегі жарыс жолын сәтті жалғастырып жатыр.
Жас теннисші жарыстың екінші айналымынан сенімді өтіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Америкалық Агасси Рашерге қарсы матчта қазақстандық теннисші сенімді ойын көрсетіп, еш қиындықсыз жеңіске жетті – 6:2, 6:1.
Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды.
Бұл матч қос теннисші арасындағы алғашқы кездесу болды.
Нұрланұлы үшінші айналымда пуэрто-риколық Янник Альварес пен бразилиялық Леонардо Сторк арасындағы матчтың жеңімпазымен күш сынасады және ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы турнирдің басты фавориті ретінде теннис жанкүйерлері «Гуто» лақап атымен танитын бразилиялық Луис Аугусто Кейрос Мигел саналады.