Жалғас Жұмағұлов Ташкентте UFC-дің бұрынғы файтері Брандаомен жекпе-жек өткізеді

Aibar Rysdaulet··
Фото: LightRocket

Фото: LightRocket

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов Nomad лигасының Ташкентте өтетін турнирінде бразилиялық Брандаомен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Nomad президенті Мұхамеджан Қонысбеков мәлімдеді.

Функционердің айтуынша, бұл кездесуді бастапқыда басқа турнир аясында өткізу жоспарланған. Алайда Брандао Қазақстанға келе алмаған. Оған виза мәселесі себеп болуы мүмкін.

«Бастапқыда бұл турнирде Жалғас Жұмағұлов пен Брандаоның жекпе-жегін өткізуді жоспарлаған едік. Өкінішке қарай, Брандао келе алмады. Визасына қатысты мәселе болған шығар немесе басқа себептер болды. Сондықтан бұл жекпе-жекті Ташкентке ауыстырдық», - деді Қонысбеков.

Брандао бұған дейін Қазақстанда өнер көрсеткен. 4 шілдеде Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде ол Жұман Жұмабековпен «тек тұрып жұдырықтасу ММА» ережесі бойынша кездесіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Жұмағұлов пен Брандао бұған дейін Астанада өтетін турнирде кездесуі тиіс болған. Алайда сол жекпе-жек өтпей, қазақстандық файтер октагонға шыға алмады.