Жәнібек Әлімханұлы бокстағы мақсаты туралы маңызды мәлімдеме жасады

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралуға дайындығы қалай өтіп жатқанын айтып берді.

Қазақстандық боксшы жаттығу процесінен видео жариялап, алдына ең жоғары мақсаттар қойып отырғанын мәлімдеді.

«Жаттығулар қарқынды жүріп жатыр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бізге қолдау көрсетіп, халық үлкен үміт артқанда, жеңіске деген құлшыныс одан сайын арта түседі. Біз бір емес, бірден үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атану үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбірей берсін», — деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Еске салайық, қазіргі таңда «Қазақ стилі» допинг-тесттің оң нәтижесінен кейін берілген дисквалификация мерзімін өтеп жатыр. Оның шеттетілу мерзімі биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Күтіліп отырғандай, дәл желтоқсанда Әлімханұлы рингке қайта оралып, WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы, британиялық Дензел Бентлиге қарсы титулын міндетті түрде қорғайды.

Жәнібек Әлімханұлы бокстағы мақсаты туралы маңызды мәлімдеме жасады – sport-hub