«Жетісуды» жеңген «Қызылжар» чемпионаттағы сәтсіз сериясын тоқтатты

Темирлан Мажекенов ··
Фото:  «Қызылжар»  ФК ресми сайты

Фото: «Қызылжар» ФК ресми сайты

Қазақстан чемпионатының 12-туры аясында петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» 3:2 есебімен жеңді.

Алаң иелері ойын есебін 28-минутта ашты. Кот-д’Ивуарлық шабуылшы Этьен Бугре мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда «Қызылжардың» сербиялық жартылай қорғаушысы Дамьян Краишник командасының басымдығын арттыра түсті.

Дегенмен қонақтар матч соңына дейін таразы басын теңестіре алды. Алдымен Нұрбол Ануарбеков жауап қайтарса, артынша Йован Пайович гол соқты. Алайда алаң иелері қосымша уақытта жеңісті жұлып әкетті. Ивуарлық форвард Этьен Бугре ойын аяқталғанша дубль авторы атанды.

Осы жеңістен кейін «Қызылжар» 15 ұпаймен турнир кестесінің сегізінші орнына көтерілді. Ал 12 матчтан кейін 13 ұпай жинаған «Жетісу» оныншы сатыда тұр.

Келесі турда петропавлдық клуб сырт алаңда қостанайлық «Тобылмен» кездеседі. Ал «Жетісу» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдайды.

«Жетісуды» жеңген «Қызылжар» чемпионаттағы сәтсіз сериясын тоқтатты – sport-hub