Жібек Құламбаева Сербиядағы ITF турнирінің ширек финалына шықты

Фото: Jimmie48
Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W75 турниріндегі өнерін жалғастыруда.
Қазақстандық теннисші жұптық сында алғашқы айналымнан сәтті өтіп, Румыния өкілі Ирина Барэмен бірге келесі кезеңге жолдама алды.
Алғашқы кездесуде Құламбаева мен Барэ швейцариялық Алина Гранвер және италиялық Джорджия Педонеден басым түсті. Қазақстандық-руманиялық жұп алғашқы геймдерден-ақ бастаманы қолға алып, қарсыластарына жеңіс үшін күресуге мүмкіндік бермеді.
Бірінші сет 6:3 есебімен аяқталды. Одан кейін Құламбаева мен Барэ одан да сенімді ойнап, екінші партияда қарсыластарына небәрі екі гейм берді — 6:2.
Осылайша, жеңімпаздарға келесі кезеңге өту үшін екі сет жеткілікті болды. Кездесудің жалпы есебі — 6:3, 6:2.
Сербия, W75 Kursumlijska Banja 3, ITF, әйелдер, 1/8 финал
Барэ/Құламбаева — Гранвер/Педоне — 6:3, 6:2
Енді Құламбаева мен Барэ ширек финалда ойнайды. Олардың қарсыластары әзірге анықталған жоқ. Келесі кезеңге жолдаманы қытайлық Хуан Юйцзя мен Чжан Ин және румыниялық Елена Руксандра Бертеа мен ресейлік Ксения Зайцева сарапқа салады.
Айта кетейік, WTA-ның жекелей рейтингінде қазақстандық спортшы қазір 486-орында тұр.