Жоламан Биғабыл Қазақстанға 2026 жылғы Азия ойындарындағы үшінші алтынды әкелді

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Айти–Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Өзбекстан өкілі Хумоюнмырза Халимовты 9:1 есебімен жеңді.
23 жастағы спортшы жарысты ширек финалдан бастап, бұл кезеңде тәжікстандық Махсатулло Муминовты 7:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Жартылай финалда Биғабыл индонезиялық Мұхаммад Жануармен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Шешуші жекпе-жекте де қазақстандық спортшы сенімді өнер көрсетіп, Халимовтан 9:1 есебімен басым түсіп, 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды.
Осылайша, Биғабыл Қазақстанға Азия ойындарындағы үшінші алтын медальді сыйлады. Бұған дейін шосселік велоспорттан жекелей уақытқа жарыста Ринат Сұлтанов пен Алексей Луценко чемпион атанған еді.
Жалпы Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы қоржынында алты медаль бар: үш алтын және үш қола. Қола жүлдені триатлоннан Арлан Жанабай және қазіргі бессайыстан командалық есепте Қазақстанның ерлер құрамасы иеленді.