Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатында 1/8 финалға өтті

ҚР ҰОК
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетіп, 81 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалға жолдама алды.
Әлемдік IJF рейтингінде сегізінші орында тұрған Жұбаназар 1/16 финалда австралиялық Кэйсин Отимен кездесті. Қазақстандық дзюдошы екі «юко» бағасын алып, қарсыласына ұпай алуға мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде Жұбаназар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финалға шығу үшін қазақстандық дзюдошы әзербайжандық Вусал Галандарзадемен белдеседі.
Айта кетейік, Жұбаназар ақпанда Париждегі Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алса, сәуірде Азия чемпионатында үшінші орын алды. Ал тамызда Лозаннада өткен Grand Slam жарысында алғаш рет жеңімпаз атанды.