15 жастағы шахматшы Қазақстан Чемпионы атанды

Мерей Динмухаммедулы ··
Сауат Нұрғалиев

Сауат Нұрғалиев

15 жасында Нұрғалиев Сауат классикалық шахматтан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды

Астана қаласында (Coventry University Kazakhstan) классикалық шахматтан өтіп жатқан ерлер арасындағы Қазақстан біріншілігінде жаңа чемпионның есімі белгілі болды, - деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сауат Нұрғалиев 15 жасында алтыннан алқа тағып, сенсация жасады. Ол 13 турда 9 ұпай жинады. Бүгінгі шешуші ойындағы тең нәтиже Сауаттың ел үздігі атануына кедергі болмады.

Ерлер санатындағы (Open) жүлдегерлер:

1. IM Сауат Нұрғалиев (2464, Астана) 9 ұпай

2. IM Жандос Ағманов (2473, Астана) 8,5 ұпай

3. GM Рамазан Жалмаханов (2464, Алматы) 8 ұпай.

Әйелдер арасында да тартыс соңғы сәтке дейін сақталды. Нәтижесінде алғашқы төрттіктегі барлық шахматшы да бірдей ұпай еншіледі. Орындар тек қосымша көрсеткіш бойынша анықталды.

Жүлдегерлер:

1. Лия Құрманғалиева, 9 балл

2. Зарина Нұрғалиева, 9 балл

3. Елназ Қалиахмет, 9 балл.