Абат Айымбетов маусым аяқталғаннан кейін «Петролул» клубынан кетуі мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Адана Демирспор» ФК

Фото: «Адана Демирспор» ФК

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов жазғы трансферлік кезеңде румыниялық «Петролул» клубынан кетуі мүмкін.

Observatorul Prahovean мәліметінше, клуб басшылығы құрамды ауқымды түрде жаңартуды жоспарлап отыр. Қазақстандық шабуылшының келісімшартында тағы бір маусымға автоматты түрде ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Алайда клуб бұл опцияны іске қосуға ниетті емес.

Еске салайық, Айымбетов «Петролулға» 2026 жылдың ақпан айында ауысты. Қазақстан құрамасының форварды румын клубы сапында тоғыз матч өткізіп, бір гол соқты.

Румынияға дейін Айымбетов қазақстандық «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана», ресейлік «Крылья Советов» және түркиялық «Адана Демирспор» клубтарында өнер көрсетті.

Абат Айымбетов маусым аяқталғаннан кейін «Петролул» клубынан кетуі мүмкін – sport-hub