Бильярд 2029 жылғы Дүниежүзілік ойындар бағдарламасына енді
Бөлісу

Бильярд ресми түрде 2029 жылғы Дүниежүзілік ойындардың спорттық бағдарламасына енгізілді. Бұл шешім Лозаннада өткен Халықаралық дүниежүзілік ойындар қауымдастығының (IWGA) жыл сайынғы бас ассамблеясында бекітілді.
Дүниежүзілік пул-бильярд қауымдастығында (WPA) бұл шешім бильярд спортының тұрақты дамуын және халықаралық аренадағы маңызын растайтынын ерекшелеп өтті.
2029 жылғы Дүниежүзілік ойындар 19-29 шілде аралығында Германияның Карлсруэ қаласында өтеді. Жарысқа 100-ден астам елден шамамен 4 000 спортшы қатысады.
Карлсруэ тарихта Дүниежүзілік ойындарды екінші рет қабылдайтын алғашқы қала атанды. Алғаш рет мұнда айтулы турнир 1989 жылы өткен еді.