Елена Рыбакина WTA рейтиңінде Соболенкоға жақындай түсті

Елена Рыбакина жаңартылған WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды. Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингтің көшбасшысы Арина Соболенкодан арадағы алшақтықты қысқартуын жалғастыра түсті.
Рыбакинаның еншісінде 8 705 ұпай бар, ал беларусьтік теннисшіде — 9 960 ұпай. Осылайша, спортшылар арасындағы айырмашылық 1 255 ұпайды құрады.
Рейтингтің үшінші сатысында 7 273 ұпайы бар поляк қызы Ига Швёнтек орналасқан. Одан кейін америкалық теннисшілер Коко Гауфф (6 749 ұпай) пен Джессика Пегула (6 286) тұрақтауда.
Юлия Путинцева үш сатыға көтеріліп, 918 ұпаймен 74-орынға жайғасты.
Жібек Құламбаева жеті сатыға жоғарылап, рейтингтің 384-орнына көтерілді. Оның еншісінде 160 ұпай бар.
Аружан Сағындықова сегіз сатыға өрлеп, әлемдік рейтингтің 702-орнына орналасты (58 ұпай).