«Канело» Головкиннің рингке оралуы туралы пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: omanfightupdates

Фото: omanfightupdates

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Мысырдың Гиза қаласында өткен бокс кешінде Геннадий Головкинмен кездескеннен кейінгі әсерімен бөлісті.

Боксшылар Александр Усик пен Рико Верхувен арасындағы жекпе-жек кешіне арнайы барған.

«Біз Геннадиймен түрлі оқиғаларды еске алдық. Арамызда үш жақсы жекпе-жек өтті. Біз бір рингте өнер көрсеттік, сондықтан талқылайтын нәрсе көп болды. Ол қазір қалағанын жасай алады деп ойлаймын. Меніңше, ол өзіне ұнайтын нәрсемен айналысуға әбден лайық. Егер қайта оралып, тағы бір жекпе-жек өткізсе, бұл да жақсы болар еді», — деді Альварес PBF-ке берген сұхбатында.

Головкин мен «Канело» өзара үш жекпе-жек өткізді. Алғашқы кездесу 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталды. 2018 жылғы екінші жекпе-жекте төрешілердің басым дауысы бойынша мексикалық боксшы жеңіске жетті. Үшінші кездесу 2022 жылы өтіп, Альварес төрешілердің біріңғай шешімімен жеңіске жеткен.

Қазір Геннадий Головкин World Boxing халықаралық ұйымының президенті қызметін атқарады.

«Канело» Головкиннің рингке оралуы туралы пікір білдірді – sport-hub