Оскар Пиастри өзі туралы «Ред Буллға» ауысады деген қауесеттерге пікір білдірді

Фото: Getty Images
«Макларен» командасының пилоты Оскар Пиастри өзін «Ред Буллға» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір айтты.
Бұған дейін БАҚ-та нидерландиялық спортшы Макс Ферстаппен командадан кеткен жағдайда, аустралиялық оның орнына үміткер болуы мүмкін екені хабарланған еді.
«Red bull туралы қауесеттер ме? Бұл мен үшін де тосын жаңалық екен. Әлбетте, ешқандай келіссөз болған жоқ, бірақ мұндай қызығушылық жағымды әсер қалдырады, одан артық ештеңе емес. Бұл менің жарысушы ретіндегі деңгейімді көрсетеді деген үмітпен қуанып тұрмын. Бірақ мен қазіргі орныма да дән ризамын. Бұл командамен бірге талай жарыста және болашақтағы чемпионаттарда топ жаратынымызға сенім мол. Сондықтан қазіргі жағдайыма толықтай разымын», — деді Пиастри RacingNews365 басылымына.
Оскар Пиастри — «Макларен» сапында өнер көрсететін аустралиялық Формула-1 пилоты. Ол Формула-2 мен Формула-3 бәйгесінде де чемпион атанған, сондай-ақ Формула-1 кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы болды.