Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатына құрамын жариялады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

2026 жылғы көркем гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды. Турнир 23-26 мамыр аралығында Бішкекте өтеді.

Жекелей сында Қазақстан намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды.

Топтық жаттығуларда ұлттық құрама сапында Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай өнер көрсетеді.

Бұған дейін Ақмарал Ерекешева Астанада өткен Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді.

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатына құрамын жариялады – sport-hub