Қазақстандық балуан Сейілбеков U23 Азия чемпионатының финалына шықты
Бөлісу

Фото: UWW
Қазақстан құрамасының еркін күрес шебері Нұрдәулет Сейілбеков Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
Қазақстандық спортшы 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. Жартылай финалдық белдесуде Сейілбеков үндістандық Дипакты 11:0 есебімен айқын жеңді. Алтын медаль үшін қазақстандық балуан қырғызстандық Адилет Ақылбековпен кездеседі.
Бұған дейін турнир барысында Сейілбеков ширек финалда вьетнамдық Сонг Труонгты 10:0 есебімен жеңген еді. Ал іріктеу кезеңінде түрікменстандық Ватан Аннаоразовтан 12:2 есебімен басым түсті.
Күрестен U23 Азия чемпионаты 23-31 мамыр аралығында Дананг қаласында өтіп жатыр.