Қырғызстандық ММА жауынгері Ыстықкөлде балаларды құтқарамын деп қаза тапты

Темирлан Мажекенов ··
Фото: әлеуметтік желідегі Медет Жээналиев парақшасынан

Фото: әлеуметтік желідегі Медет Жээналиев парақшасынан

Қырғызстандық аралас жекпе-жек шебері Медет Жээнәлиев Ыстықкөлде суға батып бара жатқан балаларды құтқару кезінде көз жұмды. Бұл туралы ТАСС агенттігі Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен қатар құтқарылған балалар санына қатысты мәліметтер әртүрлі болып отыр.

«РИА Новости» агенттігінің аудандық ішкі істер бөліміне сілтеме жасап хабарлауынша, жағажайда кәмелетке толмаған қыздар демалып жүрген. Солардың бірі суға бата бастаған.

«Жээнәлиев Ыстықкөлдегі үлкен толқындар кезінде суға кете бастаған екі қызды құтқару барысында қаза тапты», — деді ведомство өкілі. 30 жастағы спортшымен бірге құтқару жұмысына оның досы да қатысқан. Досы және екі жеткіншек аман қалған.

Медет Жээнәлиев аралас жекпе-жек бойынша 2017 жылдан 2019 жылға дейін өнер көрсеткен. Ол кәсіби мансабында төрт жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жеткен.

Қырғызстандық ММА жауынгері Ыстықкөлде балаларды құтқарамын деп қаза тапты – sport-hub