15 жастағы қазақстандық шахматшы Әзірбайжандағы турнирдің әйелдер арасындағы жеңімпазы атанды

Фото: kazchess
15 жастағы қазақстандық Мария Холявко халықаралық Guba Open-2026 шахмат турнирінің әйелдер арасындағы жеңімпазы атанды.
Холявко тоғыз турда алты ұпай жинап, бес рет жеңіске жетті, екі рет тең түсіп, екі кездесуде жеңіліс тапты. Жалпы есепте ол 12-орын алып, шахматшылар арасындағы ең үздік нәтижені көрсетті.
Әйелдер арасындағы екінші орынды тағы бір қазақстандық 19 жастағы Аяулым Қалдарова иеленді. Ол жарысты бес ұпаймен аяқтап, жалпы есепте 30-орынға тұрақтады. Үздік үштікті 4,5 ұпай жинаған әзербайжандық Лала Гусейнова түйіндеді.
Жалпы есепте Әзербайжан гроссмейстері Мисратдин Искандаров жеңіске жетті. Ол жеті ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша отандасы Вугар Манафовтан озды. 6,5 ұпаймен ФИДЕ туы астында өнер көрсеткен Михаил Можаров үшінші орын алды.
А тобындағы турнир 4-10 қыркүйек аралығында швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турдан тұрды. Жарысқа 11 елден 76 шахматшы қатысты. Олардың қатарында алты гроссмейстер мен 10 халықаралық шебер болды.
Guba Open Әзербайжан шахмат федерациясы мен «Ağ Top» клубының ұйымдастыруымен халықаралық төреші Гудрат Исмаиловты еске алуға арналды.