18 жастағы қазақстандық «Атлетико Леванте» сапында гол соқты

Айбар Рысдаулет ··
ҚФФ

ҚФФ

18 жастағы вингер Алдияр Нұрғали Испанияның «Леванте» клубының резервтік командасы сапында өткен жолдастық матчта гол соқты.

Отандасымыз «Атлетико Леванте» клубына «Асероны» 2:0 есебімен жеңуге көмектесті.

Испанияның бесінші дивизионындағы командаға қарсы өткен жолдастық кездесуде Нұрғали алаңда 45 минут өнер көрсетіп, бір голмен көзге түсті. Ол өз командасының сенімді жеңісіне үлес қосты.

Алдағы маусым қазақстандық футбол мектебінің түлегі үшін «Атлетико Леванте» (U-23) құрамындағы алғашқы маусым болмақ. Бұл команда «Леванте» клубының резерві саналады.

Еске салайық, Астана қаласының тумасы 2025 жылдың желтоқсанында Испанияның Ла Лига жүйесінде өнер көрсететін клубпен ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойған болатын.