«Реал» «Леванте» шабуылшысын 25 миллион еуроға сатып алды

Бегасыл Амирбай ··
«Леванте»

«Леванте»

Мадридтің «Реал» клубы «Леванте» шабуылшысы Карлос Эспидің трансферін ресми түрде жариялады. 21 жастағы испаниялық футболшы клубпен 2031 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойды.

Foot Mercato мәліметінше, «Реал» Эспидің келісімшартындағы 25 миллион еуроны құрайтын өтемақы сомасын (клаусула) белсендірген. Бұған дейін шабуылшыға Англияның «Брайтон» және «Халл Сити» клубтары қызығушылық танытқан.

Өткен маусымда Эспи 28 матч өткізіп, 13 гол соқты. Ол Марк Кукурелья, Дензел Дюмфрис, Ибраима Конате және Бернарду Силвадан кейін «Реалдың» жазғы трансфер терезесіндегі бесінші жаңа ойыншысы атанды.

Күтілгендей, Эспи құрамда «Фулхэмге» 40 миллион еуроға ауысуға жақын тұрған Гонсало Гарсияның орнын басады. Ағылшын клубын бұрын «Реалды» жаттықтырған Альваро Арбелоа баптайды.

«Реал» «Леванте» шабуылшысын 25 миллион еуроға сатып алды – sport-hub