«Реал» Бернарду Силвамен келісімшартқа отырғанын жариялады

Фото: «Манчестер Сити» ФК
Мадридтің «Реал» клубы өзінің ресми сайтында португалиялық жартылай қорғаушы Бернарду Силвамен келісімшарт жасалғанын хабарлады.
Футболшы «Манчестер Сити» клубынан келісімшарты аяқталғаннан кейін кетіп, мансабын Мадридте жалғастырады.
Бернарду Силва мен «Реал» арасындағы келісім 2028 жылдың жазына дейін жасалды.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары футболшының «Реалдағы» жылдық жалақысы 20 миллион еуроны құрайтынын хабарлаған болатын. Сондай-ақ ойыншы 10 миллион еуро көлемінде келісімшартқа қол қою бонусын алады. Ал оның агенті Жорже Мендеш пен әкесіне тағы 10 миллион еуро комиссия төленеді.
Өткен маусымда жартылай қорғаушы «Манчестер Сити» сапында барлық турнирде 53 матч өткізіп, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Ол 2017 жылдан бері ағылшын клубында өнер көрсетіп, алты мәрте Англия Премьер-лигасының чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын қоса алғанда жалпы 19 трофей жеңіп алды.