«Реал» қорғаушы Антонио Рюдигермен келісімшартты 2027 жылға дейін ұзартты

Фото: «Реал Мадрид» ФК
Жаңа келісім туралы мадридтік клубтың ресми сайты хабарлады.
Рюдигер «Реалға» 2022 жылдың жазында қосылған. 2025/26 маусымында қорғаушы барлық турнирде 26 матч өткізіп, бір гол соқты. Transfermarkt мәліметі бойынша, оның нарықтағы құны шамамен 6 миллион еуроны құрайды.
Мадрид клубында ойнаған уақытында неміс футболшысы Испания чемпионы атанып, ел кубогы мен суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасын ұтып, УЕФА Суперкубогын екі рет иеленді.
«Реалға» дейін Рюдигер «Челси» сапында өнер көрсетіп, Англия кубогын, Еуропа лигасын, Чемпиондар лигасын және УЕФА Суперкубогын жеңіп алған.
Еске сала кетейік, өткен маусымда «Реал» Испания чемпионатында 86 ұпай жинап, екінші орын алды. Ал чемпион атанған «Барселона» 94 ұпай еншіледі.