Реал» «Челсидің» қорғаушысы Марк Кукурельяны ресми түрде сатып алды
Бөлісу

Фото: «Челси» ФК
"Реал Мадридә лондондық "Челси" қорғаушысы Марк Кукурельяның трансферін ресми түрде жариялады. Келісімшарт сомасы 55 млн еуро, оған қоса 5 млн еуро бонус қарастырылған.
2025/26 маусымында Кукурелья барлық турнирлерде 50 матч өткізіп, 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Transfermarkt бағалауы бойынша футболшының нарықтық құны 50 млн еуро.
Айта кетйік, 2025/26 маусымының қорытындысы бойынша «Реал Мадрид» Испания чемпионатында 86 ұпаймен екінші орын алды. Чемпион атағын 94 ұпай жинаған «Барселона» иеленді.
Ал Чемпиондар лигасында мадридтік клуб ширек финалға дейін жетіп, екі ойын қорытындысы бойынша «Бавария»ға 4:6 есебімен жол берді.