Бельгия – Египет матчын қайдан көруге болады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: RBFA

Фото: RBFA

Бельгия құрамасы өз алаңында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Египет командасына қарсы өткізеді.

G тобының бірінші турындағы кездесу 16 маусым күні Сиэтл қаласындағы «Люмен Филд» стадионында өтеді. Басталу уақыты – Қазақстан уақыты бойынша 00:00.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасында live режимінде бақылауға болады.

Бельгия мен Египеттен бөлек, G тобында Иран және Жаңа Зеландия құрамалары да өнер көрсетеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтуде.