Швеция Тунисті ірі есеппен жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FIFA

Фото: FIFA

Швеция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Тунисті 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Матч Мексиканың Монтеррей қаласында өтті.

7-минутта алғашқы голды Ясин Айяри есеп ашты. 30-минутта Александр Исак есепті еселеді, алайда бірінші тайм соңында Омар Реккик Тунис құрамасының есепті қысқартуына мүмкіндік берді.

Екінші таймда Виктор Дьёкереш үшінші голды соқты, кейін Матиас Свенберг есепті арттырды. Ал матч соңында Айяри дубль жасап, қорытынды нәтижені белгіледі.

Осы жеңістен кейін Швеция үш ұпаймен F тобын бастап тұр. Нидерланд пен Жапония тең ойнап (2:2), бір ұпайдан еншілесе, Тунис ұпайсыз соңғы орында қалды.