Испания – Кабо-Верде матчын қайдан көруге болады
Бөлісу

Фото: RFEF
Испания құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Кабо-Вердеге қарсы өткізеді.
Кездесу H тобының 1-туры аясында 15 маусым күні Атлантадағы «Мерседес-Бенц» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақыты бойынша 21:00-де.
Қазақстан жанкүйерлері матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көре алады. Сондай-ақ ойын барысындағы ең маңызды сәттерді Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live-режимнен бақылауға болады.
Айта кетейік, H тобында Испания мен Кабо-Вердеден бөлек Сауд Арабиясы мен Уругвай құрамалары да өнер көрсетеді.
Футболдан әлем чемпионаты 12 маусым – 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтуде. Биылғы турнир тарихта алғаш рет финалдық кезеңге 48 ұлттық құрама қатысуда.