«Реалдың» аргентиналық ойыншысы «Ривер Плейтке» оралғысы келеді
Бөлісу

«Реал» ФК
Мадридтік «Реалдың» вингері Франко Мастантуоно осы жазда клубтан кетуі мүмкін. 18 жастағы аргентиналық футболшы үшін басым нұсқа «Ривер Плейтке» оралу.
The Athletic мәліметінше, Мастантуоно «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуриньюдің жоспарына кірмейді және жалға жіберілуі ықтимал. Егер клубтан кетсе, ойыншы туған командасы «Ривер Плейтке» қайта барғысы келеді.
Осы аптада футболшының өкілдері «Реал» басшылығымен кездесу өткізеді. Сол кездесуден кейін ойыншының болашағына қатысты нақты шешім қабылданады.
Мастантуоно мадридтік клубқа өткен жазда 45 миллион еуроға ауысқан. Алғашқы маусымында ол 35 матч өткізіп, үш гол соғып, үш нәтижелі пас берген.