2026-ӘЧ алдында: Өзбекстан – Нидерланд матчының бейнешолуы

Фото: Ufa.uz
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясындағы жолдастық кездесуде Нидерланд құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Матчтағы есеп 32-минутта ашылды. Нидерланд шабуылшысы Коди Гакпо пенальтиден мүлт кетпей, командасын алға шығарды.
Екінші таймның соңына қарай еуропалықтардың жағдайы қиындай түсті. 87-минутта Гус Тил қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Нәтижесінде нидерландтықтар матчтың шешуші сәттерінде ойыншы саны жағынан кем құрамда қалды.
Өзбекстан құрамасы сан басымдығын қосымша уақытта пайдалана білді. 90+2-минутта Игорь Сергеев дәл соққысымен есепті теңестіріп, командасын жеңілістен құтқарып қалғандай көрінген.
Алайда өзбекстандықтар тең нәтижені сақтап қала алмады. Кездесудің 90+8-минутында төреші тағы да пенальти белгіледі. Бұл жолы да Коди Гакпо қателеспей, дубль авторы атанды әрі Нидерланд құрамасына жеңіс сыйлады – 2:1.
Осылайша, әлем чемпионаты қарсаңындағы тартысты кездесуде Нидерланд құрамасы жеңіске жетсе, Өзбекстан командасы мықты қарсыласқа лайықты қарсылық көрсетті.