2026 ӘЧ-ның алғашқы үздңк ойыншысы матч жайында өз пікірімен бөлісті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FIFA

Фото: FIFA

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу матчында Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңген Мексика құрамасының шабуылшысы Хулиан Киньонес ойыннан кейін өз әсерімен бөлісті.

Кездесудің үздік ойыншысы атанған Киньонес әлем чемпионатындағы алғашқы голын соғып, командасының жеңісіне зор үлес қосты.

«Осындай керемет стадионда және жанкүйерлердің алдында әлем чемпионатындағы алғашқы голымды соққаныма өте қуаныштымын. Алғашқы үш ұпайға қол жеткізуге көмектескен командаластарыма алғыс айтқым келеді. Соңғы бірнеше күнде жанкүйерлердің қолдауын ерекше сезіндік. Біз біртұтас ұжымбыз және бүгін мұны іс жүзінде дәлелдедік», – деді Киньонес FIFA-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Қазіргі таңда шабуылшы Сауд Арабиясының «Әл-Қадисия» клубында өнер көрсетеді. Ол Мексика ұлттық құрамасы сапында 23 матч өткізіп, үш голдың авторы атанған.

Бірінші турдан кейін Мексика құрамасы А тобында көш бастап тұр. Ал Оңтүстік Африка Республикасы соңғы орынға жайғасқан. Сондай-ақ бұл топта Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары өнер көрсетеді.