2026-ӘЧ турнирінің 1/8 финалындағы алғашқы жұп анықталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Марокко құрамасы Нидерландты пенальти сериясында жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.

Матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында марокколықтар 3:2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Марокко құрамасы 1/8 финалда Канадамен кездеседі. Бұған дейін канадалықтар Оңтүстік Африканы 1:0 есебімен жеңген болатын. Матч 4 шілдеде өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де басталады.

Сонымен қатар, 1/8 финалға Парагвай мен Бразилия құрамалары да жолдама алып үлгерді. Олар келесі кезеңдегі қарсыластарын күтуде.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.