2026-ӘЧ жұлдызы Возинья Чили чемпионатына ауысуы мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Чилидің «Коло-Коло» клубы Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возиньяны өз қатарына қосуға жақын. Тараптар арасындағы келіссөздер соңғы кезеңге жеткен.

Журналист Сесар Луис Мерлоның мәліметінше, «Коло-Коло» басшылығы 40 жастағы қақпашыны трансферлік тізімдегі басты мақсат ретінде қарастырып отыр. Клуб келісімді жақын арада аяқтауға үміттенеді.

Еске салсақ, 2026 жылғы әлем чемпионатында Возинья Кабо-Верде құрамасының барлық төрт матчына қатысып, жарқын ойынымен турнирдің басты жаңалықтарының біріне айналды. Әлем чемпионатынан кейін оның Instagram желісіндегі жазылушылар саны 29 миллионға дейін өсті. Кабо-Верде құрамасы 1/16 финалда Аргентинадан 2:3 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Өткен маусымда Возинья Португалияның «Шавиш» клубында өнер көрсетті. Ол барлық турнирде 19 матч өткізіп, алты ойында қақпасына гол жібермеді. Қазіргі таңда тәжірибелі қақпашы еркін агент.

«Коло-Коло» – Чилидің 34 дүркін чемпионы және Либертадорес кубогының жеңімпазы. Биылғы маусымның 15 турында команда турнир кестесінде көш бастап келеді.