2026 жылғы әлем чемпионатында алғаш рет бір күнде төрт матч өтеді

Айбар Рысдаулет ··
Фото: Zuffa LLC

Фото: Zuffa LLC

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында 13 маусымнан 14 маусымға қараған түні алғаш рет бір ойын күні аясында бірден төрт матч өтеді.

Үшінші ойын күнінің бағдарламасына B және D топтарындағы екінші тур матчтары, сондай-ақ С тобындағы алғашқы кездесулер енгізілген. Турнирдің алғашқы екі күнінде жанкүйерлер тәулігіне тек екі ойыннан ғана тамашалай алған болса, ендігі кесте тығыздалып, әлем чемпионатының топтық кезеңіне тән қалыпты форматқа айналады.

Ойын күнін Қатар мен Швейцария құрамалары арасындағы матч ашады. Кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де АҚШ-тың Санта-Клара қаласында өтеді. Сағат 03:00-де Ист-Ратерфордта Бразилия мен Марокко кездеседі. Одан кейін 06:00-де Фоксборода Гаити мен Шотландия құрамалары ойнайды. Ал ойын күнін Ванкуверде өтетін Австралия мен Түркия арасындағы матч қорытындылайды, кездесу 09:00-де басталады.

Қатар – Швейцария және Бразилия – Марокко матчтарын тікелей эфирде «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары көрсетеді. Ал Гаити – Шотландия және Аустралия – Түркия ойындары «Qazsport» арнасынан көрсетіледі. Сонымен қатар, әлем чемпионатының барлық матчтарын «Кинопоиск» платформасында жазылым арқылы көруге болады.