2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты финалына билеттердің бағасы белгілі болды

Фото: JOSH EDELSON/AFP via Getty Images
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық матчының билеттері 4 мыңнан 8,6 мың АҚШ долларына дейін бағаланған. Бұл туралы EuroFoot әлеуметтік желідегі X парақшасында Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді. Топтық кезең 11–27 маусым аралығына жоспарланған. Командалар өз топтарында бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша ойнап, әрқайсысы үш матч өткізеді.
Плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар, сондай-ақ үшінші орын алған командалардың ішіндегі ең үздік сегізі жолдама алады. Турнир аясында жалпы саны 104 матч өткізіледі. Бұл әлем чемпионаттары тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы АҚШ-та орналасқан «МетЛайф» стадионында өтеді.