2026 жылғы Уимблдонда жүлде қоры 20 пайызға артады

Фото: WTA
Лондонда 29 маусым мен 12 шілде аралығында өтетін 2026 жылғы Уимблдон турнирінің жүлде қоры өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейеді. Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметі хабарлады.
2026 жылы жалпы жүлде қоры 64,2 млн фунт стерлингті құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 53,5 млн фунт болған. Чемпиондар 3,6 млн фунт, ал финалистер 1,8 млн фунт алады.
Жүлде қорының өсуі теннисшілердің соңғы жылдары «Үлкен дулыға» турнирлерінде төлемақыны арттыру талабымен байланысты. Топ теннисшілер бұған дейін тіпті жарыстарды бойкоттауға дейін баратынын айтқан болатын.
Ерлер арасында қазіргі чемпион әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнер. Әйелдер арасында былтыр жеңімпаз атанған поляк спортшысы Ига Швёнтек, қазіргі таңда ол WTA рейтингінде үшінші орында тұр.