33 жастағы боксшы қайғылы жекпе-жектен бірнеше жыл өткен соң қайтыс болды

Фото: Getty Images
Пуэрто-Риколық боксшы Причард Колон 33 жасында дүниеден өтті.
Спортшының қайтыс болғанын оның әкесі әлеуметтік желіде хабарлады.
Колонның өміріндегі қайғылы оқиға 2015 жылдың қазан айында болған. Сол кезде ол АҚШ-та америкалық Террелл Уильямсқа қарсы шаршы алаңға шықты. Жекпе-жек барысында Колон қарсыласынан бастың артқы бөлігіне бірнеше рет тыйым салынған соққы өткізіп алды. Мұндай әрекет бокс ережелерін өрескел бұзу болып саналады.
Тоғызыншы раундта пуэрто-рикалық боксшы екі рет нокдаунға түсті. Осыдан кейін оның командасы жекпе-жекті жалғастырмау туралы шешім қабылдады. Кейін Уильямсқа дисквалификация нәтижесінде жеңіс берілді.
Жекпе-жектен кейін Колонның жағдайы өте ауыр болды. Дәрігерлер оның миына қан құйылғанын анықтады. Спортшы шамамен жеті ай комада жатты. Уильямсқа қарсы сол жекпе-жек пуэрто-рикалық боксшының кәсіби мансабындағы соңғы кездесу болды.
Комадан шыққаннан кейін Колон ми жарақатының ауыр салдарынан толықтай қалпына келе алмады. Оған тұрақты күтім қажет болды. Кейінгі жылдары бұл міндетті оның жақындары атқарды.
Осылайша, 2015 жылғы жекпе-жектің салдары боксшыны өмірінің соңына дейін қадағалады. Причард Колон кәсіби рингке қайта оралмады және ұзақ жылдар бойы отбасының қамқорлығында болды.