Жәнібек Нұрсұлтановқа мансабындағы басты жекпе-жек алдында қолдау білдірді

Аружан Талғат··
Фото: WBC

Фото: WBC

19 қыркүйекте Мейірім Нұрсұлтанов кәсіби мансабындағы ең маңызды жекпе-жектердің бірін өткізеді. Сан-Диегода қазақстандық боксшы америкалық Хесус Рамос кішімен орта салмақтағы WBC уақытша белдігі үшін айқасады.

Титулдық кездесу қарсаңында отандасына қолдау сөзін орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жолдады. Ол жуырда суперорта салмаққа ауысқан болатын.

Instagram желісіндегі сторисінде «Қазақ стилі» Нұрсұлтановқа сәттілік тілеп, оның чемпион атануға толық мүмкіндігі бар екенін айтты.

«Бауырым Мейірім Нұрсұлтанов үшін қатты қуаныштымын. Оған жарқын жекпе-жек пен жеңіс тілеймін. Алла тағала чемпиондық белбеуді жеңіп алуға және Қазақстанды одан әрі танытуға жәрдем берсін. Мен әрқашан жанындамын және әрдайым қолдаймын», — деп жазды Әлімханұлы.