Мейірім Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@Main_Events

Фото: x_@Main_Events

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін 19 қыркүйекте Сан-Диегода өткізеді. Ол америкалық Хесус Рамос кішімен WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін қолғап түйістіреді.

Premier Boxing Champions ұйымы жеңіліс көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) пен америкалық Хесус Рамос кіші (24-1, 19 КО) арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялады. Кездесу 20 қыркүйекте Сан-Диегодағы Pechanga Arena аренасында өтеді. Бұл айқаста Рамосқа тиесілі орта салмақтағы WBC уақытша әлем чемпионы белбеуі сарапқа салынады.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек кештің қосалқы басты айқасы болады. Турнирдің басты жекпе-жегінде Айзек Крус (28-3-2, 18 КО) пен Нестор Браво (28-3-2, 18 КО) бірінші жартылай орта салмақтағы WBC уақытша әлем чемпионы атағы үшін кездеседі.

Нұрсұлтанов соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қарашасында өткізіп, чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді. Ал Хесус Рамос кіші өткен жылдың желтоқсанында Шейн Мозли кішіге қарсы кездесуде де төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.