Бокстан Қазақстан әйедер құрамасы Азия ойындарына баратын құрамды жариялады

Аружан Талғат··
ҚБФ

ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясы 2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін Азия ойындарына әйелдер құрамасының тізімін бекітті.

Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин өтінімге бес спортшыны қосты. Қазақстан атынан жарысқа қатысатын боксшылар:

• 51 кг дейін – Алуа Балқыбекова;

• 54 кг дейін – Назым Қызайбай;

• 60 кг дейін – Виктория Графеева;

• 65 кг дейін – Аида Әбікеева;

• 75 кг дейін – Наталья Богданова.

Ал ерлер құрамасының тізімі әзірге жарияланған жоқ.

Алдыңғы Азия ойындары 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен болатын. Сол жарыста қазақстандық боксшы қыздар екі қола медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер қатарында Карина Ибрагимова (57 кг дейін) мен Наталья Богданова (66 кг дейін) болды. Сонымен қатар Ибрагимова 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жалғыз жолдаманы жеңіп алған еді.

Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова үшін алдағы Азия ойындары мансабындағы қатарынан екінші дода болмақ. Бұған дейінгі жарыста екі әлем чемпионы да жүлдесіз қалған, сондықтан Нагояда өз нәтижелерін жақсартуға тырысады.