Қазақстан дзюдо құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарына құрамын жариялады

ҚР ҰОК
Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы 2026 жылы Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімін анықтады.
Ерлер құрамасына Елдос Сметов (60 келіге дейін), Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін), Бақытжан Абдурахманов (73 келіге дейін), Алмат Әділет (81 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін), Марат Байкамуров (100 келіге дейін) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) енді.
Әйелдер құрамасында Абиба Әбужақынова (48 келіге дейін), Меруерт Сәрсенова (52 келіге дейін), Дана Әбдірова (57 келіге дейін), Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Ажар Асхат (70 келіге дейін), Екатерина Токарева (78 келіге дейін) және Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) бар.
2026 жылғы жазғы Азия ойындарында дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Қазақстандық спортшылар жекелей салмақ дәрежелерінде, сондай-ақ командалық сайыста жүлделер үшін күреседі.