Қазақстандық дзюдошылар Иорданияда бес алтын медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: IJF

Фото: IJF

Қазақстанның дзюдо құрамасы жастар арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетіп, Амманда өткен турнирді бес алтын, төрт күміс және үш қола медальмен аяқтады.

Қазақстан құрамасы сапында Азия чемпиондары атанғандар: Айнара Сейтжанова (48 кг дейін), Нұрбала Зайнул (52 кг дейін), Ролан Қайырғали (66 кг дейін), Гүлсезім Түрлыбек (78 кг дейін) және Санжар Еруланов (100 кг дейін).

Күміс медаль иегерлері: Дәмеля Асылханова (63 кг дейін), Ерасыл Ержанов (66 кг дейін), Мұхамедәлі Закиров (73 кг дейін) және Руслана Махатова (78 кг-нан жоғары). Қола жүлдегерлер: Айзат Наукенова (48 кг дейін), Айдана Әбиханова (63 кг дейін) және Шынар Битімбай (70 кг дейін).

Жастар арасындағы Азия чемпионаты 18–19 шілде күндері Иордания астанасында өтті.