Қазақстандық дзюдошылар Asian Open турнирінде сегіз медаль жеңіп алды

Аружан Талғат··
Фото: Ұлттық ұлан

Фото: Ұлттық ұлан

Қазақстанның дзюдо құрамасы Тайбэйде өткен Asian Open турнирінде сәтті өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша отандық спортшылар сегіз медаль жеңіп алып, командалық есепте үздік үштікке енді.

Турнир чемпиондары атанғандар: Мади Жеткерген (73 келіге дейін) және Санжар Жаббаров (100 келіден жоғары). Күміс жүлдені Мейірбек Байзақов (66 келіге дейін) пен Айшабиби Мурадимова (52 келіге дейін) иеленді.

Қола жүлдегерлер қатарында Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келіге дейін), Мади Еділбаев (100 келіден жоғары) және Аяна Дүйсенбай (48 келіге дейін) бар.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. Турнир жеңімпазы Оңтүстік Корея атанып, олардың еншісінде жеті алтын, бес күміс және он қола медаль бар. Екінші орынды Жапония құрамасы иеленді. Олар төрт алтын, бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алды.