Тайбэйде дзюдодан ашық Азия кубогы өтеді: турнирге қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
Бөлісу

фото: ijf.org
Қазақстандық дзюдошылар Қытай Тайбэйінде өтетін ашық Азия кубогына қатысады. Жарыс 11-12 шілде күндері өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясы турнирге қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Оған Қазақстаннан 14 спортшы енді.
Ерлер:
60 кг дейін: Тоқтар Үміталиев, Асылхан Зейноллин
66 кг дейін: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев
73 кг дейін: Мади Жеткерген, Береке Рахматұллаұлы
81 кг дейін: Мади Амангелді
100 кг дейін: Әділет Сапарғалиев
100 кг жоғары: Мади Еділбаев, Санжар Жабборов
Әйелдер:
48 кг дейін: Аяна Дүйсенбай
52 кг дейін: Айшабиби Мұрадимова
63 кг дейін: Ханзада Қайратова
78 кг жоғары: Толқын Тұрсынакынова